2019 жылдың 11 мен 15 қараша аралығында еліміздін Астанасында «WorldSkills Kazakhstan 2019» – V Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілді.

Еліміздің 17 аймағынан 400-ден астам жас маман (22 жасқа дейінгі) WorldSkills-тің 38 құзыреттілігі (мамандықтары) бойынша сайысқа түсті. Конкурсқа қатысушыларды 500-ге жуық сарапшы бағалады.  «WorldSkills Kazakhstan 2019» – V Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына ШҚО Семей қаласындағы  «Құрылыс колледжі» КМҚК студентері WorldSkills-тің 5-құзыреттілігі (мамандықтары) бойынша сайысқа қатысып жүлделі орындармен  оралды, атап айтатын болсақ: Қашқалдақ Әмірхан Махмұтылы «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша 1-ші орынды иеленді; Құрмангалиев Еламан Нұрланұлы «Плиткамен қаптау» құзыреттілігі бойынша 1-ші орынды иеленді; «Сырлау және сәндік жұмыстары» құзыреттілігі бойынша Сычугов Александр Викторович 3-ші орынды иеленді.  Жәнеде Даукенов Е «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреттілігі бойынша, Сейілбеков Т, Макажанов А «Шатыр жұмыстары» құзыреттілігі бойынша жақсы нәтижелер көрсетті. ШҚО құрама командасы кезекті рет ҚР бойынша 1-ші жалпыкомандалық орынға ие болды.