Жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру және еліміздің дамуы үшін жоғары білікті кадрлар даярлау мақсатында  ШҚО әкімдігінің ББ «Құрылыс колледжі» КМҚК-сі бесінші жыл құрылыс құзыреттілігі бойынша «WorldSkills» халықаралық қозғалысына белсенді қатысып келеді. Жыл сайын біздің колледждің студенттері аймақтық, ұлттық чемпионаттарда жүлделі орындарға ие болады. 2021 жылғы 15-17 қараша аралығында  ШҚО әкімдігінің ББ «Құрылыс колледжі» КМҚК базасында «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша жыл сайынғы «WorldSkills Kazakhstan – 2021» ұлттық чемпионаты ұйымдастырылып, өткізіледі және Қазақстанның барлық өңірлерінен 17 команда қатысады.