Мен, Сарсембаев Диас Болатбекұлы, өндірістік оқыту шебері: Былтыр әлемдік чемпионатқа қатысып келдім. Негізі WORLDSKILLS жастарға көп мүмкіндіктер ашуда. Жеке басым сол чемпионаттан кейін ондаған жұмыс орнына шақырту алдым. Жалпы еңбек нарығы құшағын жайды десем артық емес. Бірақ мұндай чемпионаттың, мүмкіндіктердің барын көпшілік жастар, нақтысы менің замандастарым біле бермейді. Соны айту мақсатында, өз тәжіриебеммен бөлісіп, «Ел арнадағы» «Білім жолы» ток-шоуына қатысып қайттым. Қызу пікірталас болды. Беріспедім))