Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру

КМҚК «Құрылыс колледжінің» әдістемелік кабинетінің қараша айының 07.11.2022 ж. – 18.11.2022 ж. аралығында колледж ішілік бақылау жоспары негізінде білім беру саласындағы ҚР заңнамасын сақтау, білім беру процесін жетілдіру, оқыту сапасын жақсарту, педагог қызметкерлердің кәсібилігін арттыру мақсатына орай ұйымдастырылған іс-шаралар барысы.

«Бабалар үні» ауызша журналы

2022 ж. қарашаның 7 күні С-21 тобымен (кураторы – Қалиасқарова Ж.М.) «Бабалар үні» ауызша журнал өткізілді. Журнал үш бөлімнен құралды. 1 бөлім: «Бабалар арманы». 2 бөлім: «Қазақстан Республикасының құндылықтары». 3 бөлім: «Сен білесің бе?» Оқушыларға слайд көрсетіліп, сұрақтар қойылды.

«Топтың үздік оқырманы» байқауы

2022 ж. 11 қарашада «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында С-12 тобымен (кураторы – Болатқызы Д.) «Топтың үздік оқырманы» атты конкурс өтті. Конкурс 8 турдан құралған болатын. Әр турда 8 сұрақ. Студенттер сұрақтарға жылдам жауап беріп, соңында үздік оқырман анықталды.

Республикалық форум

Колледж директоры К.К. Тастекеев «Заманауи басшы – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі ресурсы» техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшыларына арналған Республикалық форумға қатысты.