ШҚО әкімдігі ББ “Құрылыс колледжі” КМҚК қаланың көне оқу орны болып табылады. Семей қаласында 1920 жылдың желтоқсанында № 675 жер бөлімінің шешімімен Семей ауылшаруашылық техникумы құрылды. 1938 жылы техникумда жаңа құрылыс бөлімшесі ашылады.
1960 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен ауыл шаруашылығы техникумы құрылыс техникумы болып өзгертілді.
1969 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің шешімімен және кәсіптік-техникалық білім беру жөніндегі мемлекеттік комитеттің бұйрығы № 159 МПТУ ұйымдастырылды.
1984 жылы Каз.ССР мемлекеттік білім беру бұйрығымен аталған оқу орны №13 құрылысшылар кәсіптік-техникалық орта училищесі (СПТУ-13) болып, содан кейін №13 техникалық лицей болып өзгертілді.
1995 жылы №13 техникалық лицей негізінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс колледжі құрылды.
1996 жылы Семей құрылыс техникумы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс колледжінің бірігуі нәтижесінде Құрылыс және муниципалдық шаруашылық колледжі құрылды.
Семей әкімшілігінің 1996 жылғы 28 наурыздағы № 37 шешімімен және білім департаментінің 1997 жылғы 13 наурыздағы № 68 бұйрығымен Құрылыс және муниципалдық шаруашылық колледжі “Семей құрылыс колледжі”коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.
2009 жылдың 2 ақпанынан бастап ШҚО білім департаментінің атауын өзгертуге байланысты колледж ШҚО әкімдігі ББ “құрылыс колледжі” КМҚК болып өзгертілді.
Оқу орнының құрылыс саласында мамандарды даярлауда үлкен тәжірибесі бар және жол-механикалық және құрылыс жұмыстарының барлық түрлерін орындау үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған мамандандырылған оқу орны болып табылады.
Тұтынушылардың пікірлері мамандар мен жұмысшылардың жақсы дайындығын куәландырады. Семей қаласының, облыстың және Қазақстан Республикасының көптеген құрылысшылары “Құрылыс колледжі” КМҚК дайындықтарын алды. (Атмачиди А.И. – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген құрылысшысы “Халық қаһарманы” атты Қазақстан Республикасының жоғары наградасы бар»; Галкин О.М. – бұрынғы көлік және коммуникация министрі; Милютин А.А. – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты т.б.).
Оқытудың өндіріспен интеграциясы барлық мамандықтар бойынша теориялық білім процесінде де, өндірістік оқытуды ұйымдастыру және өткізу кезінде де жүзеге асырылады. Колледждің базалық кәсіпорындармен қарым-қатынасы екі жақты және жеке шарттармен анықталған. Оқу үдерісінің жоспарына сәйкес ұйымдар мен кәсіпорындармен практикадан өту туралы келісім-шарттар жасалды.
Тәжірибе барысында теориялық және тәжірибелік білім, білік пен дағды синтезделінеді. Оқушылар еңбек процесін ұйымдастыруға белсенді қатысады: нақты тапсырмаларды орындауға шығармашылықпен қарайды, бригаданың еңбек қызметін талдайды, өзінің кәсіби деңгейін арттыра отырып, нормативтік құжаттармен жұмыс істейді, сондай-ақ өз қызметіне баға беретін тәжірибе күнделігін жүргізеді. Сондай-ақ өндірістік тәжірибе оқушыларға ұйым немесе кәсіпорын қызметінің ерекшеліктерін көруге мүмкіндік береді.
Колледждің дипломдық жобаларға кеңесші және рецензент болған В.Т.Баньмен, Г.Б.Абишевпен, М.А.Иргибаевпен, В. Дмитриенкомен және т.б. кәсіпорындардың жетекші мамандарымен көпжылдық байланысы қалыптасты.
Негізгі кәсіпорындар мен колледждің негізгі міндеті – оқушыларды тәжірибелік даярлау, жұмыс өндірісіне, сметалық нормаларға, оқу жоспарлары мен бағдарламаларына қатысты оқу, техникалық, технологиялық ақпаратпен алмасу. Колледждің іс-тәжірибе жетекшілері – оқытушылары практиканттарға біліктілік беру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады, ал кәсіпорындардың жетекші мамандарын кәсіпорындардан іс-тәжірибе жетекшілері тағайындайды.
Колледж жарғысы ШҚО Семей қаласының Әділет басқармасында 2014 жылғы 21 мамырда № 836-1917-27-МК тіркелді.
ШҚО денсаулық сақтау басқармасы берген алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жүзеге асыруға ВК №0003433DF сериялы мемлекеттік лицензиясы берілді.
Меншік нысаны коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы 1999 жылғы 01 наурыздағы №2016а куәлігі бар.
Іс жүргізу колледждің істер номенклатурасына сәйкес мемлекеттік (қазақ) және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Колледжде оқу негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде; сырттай оқу жалпы орта білім негізінде жүзеге асырылады. Колледж мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және келісім шарт негізінде мамандар даярлауды жүзеге асырады.