«ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫ


“Жас маман” жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде 2019 жылғы 23 қаңтарда берген тапсырмасына сәйкес әзірленді.

“Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек”Мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Үкіметінің қаулысымен “Жас маман” жобасының операторы болып “Кәсіпқор “Холдингі” КЕАҚ белгіленді.

“Жас маман” жобасының мақсаты 100 сұранысқа ие мамандық бойынша 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнын жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады.