«Ақпарат әлеміндегі кітаптың рөлі»

2025 жылы сәуір айының 25-і күні Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі кітапханасында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай М-21 және С-12 тобы студенттерімен «Ақпарат әлеміндегі кітаптың рөлі» атты әдеби таныстырылым (печа-куча) өткізілді.

«Әдеби қонақ үй»

Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында 108 ТК тобының студенттері және жетекшісі Садвакасова Алемгул Оралхановнаның қатысуымен «Ақындар жырлаған туған өлке» тақырыбында әдеби қонақ үй өткізілді. Топ студенттері ақындардың туған жер туралы жырлары мен өздері шығарған өлеңдерін оқыды. «Әдеби қонақ үй» іс-шарасы өте қызықты өтті.

«Әдеби кейіпкерлермен бірге саяхаттаймыз»

«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің кітапханасында «Әдеби кейіпкерлермен бірге саяхаттаймыз» атты дәстүрлі кітап көрмесі 105 ТГ топ студенттерімен өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

«Мен оқыдым, сен де оқы!»

Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің кітапханасында «Мен оқыдым, сен де оқы!» такырыбында буккроссинг ұйымдастырылды. Буккроссингке 106 ТА топ студенттері мен жетекшісі Т.Е. Аблакашева қатысты. Қондыкерова Айша, Себебкалиева Карлығаш оқыған қызықты кітаптары жайлы айтып, ойларымен бөлісті.

«Қалам сынағы» поэтикалық центон

Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында 104 ТГ тобы студенттерінің қатысуымен «Қалам сынағы» атты поэтикалық центоны өтті. Іс-шара барысында Құрманғажин Данияр, Мырзахметов Нұрхат, Ақтайлақов Алишер, Калиханов Дастан Абай Құнанбаевтың өлеңдерін айтып, сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты.

«Заманауи кітапхана қорын қалыптастыру және сақтау: мәселелері мен шешімдері» облыстық-семинар практикумы

Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінде Абай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының кітапханашылары арасында «Заманауи кітапхана қорын қалыптастыру және сақтау: мәселелері мен шешімдері» атты облыстық семинар-практикумы өтті. Семинар-практикумды Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің директоры К.М. Тулеуов және Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының әдіскері Э.Н. Нурашева алғы сөзбен ашты. Семинар барысында спикерлер: Мәскеу геодезия және…

Кітаптар желісімен түсірілген көркем фильмдер

«Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК кітапханасы «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында баспа басылымдарды оқу кезінде мультимедиялық өнімдерді пайдалануды ұштастыру, студенттерге көркемдік және рухани тәрбие беру мақсатымен «Кітаптар желісімен түсірілген көркем фильмдер» электронды кітап көрмесін ұсынады.

«Не? Қайда? Қашан?» әдеби ойыны

2024 жылы желтоқсан айының 23-і күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК кітапханасында «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы негізінде М-11 тобы студенттеріне «Не? Қайда? Қашан?» әдеби ойыны ұйымдастырылды.