Кітапханалық квилт
2022 ж. желтоқсанның 20 жұлдызында «Адам кітап оқуды қойса, ойлауды да қояды» атты кітапханалық квилт өткізілді.
2022 ж. желтоқсанның 20 жұлдызында «Адам кітап оқуды қойса, ойлауды да қояды» атты кітапханалық квилт өткізілді.
Колледж кітапханашылары «Әнге қосам, елім менің Қазақстан!» атты коллаж-көрмесін ұйымдастырды.
2022 ж. желтоқсанның 14 жұлдызында колледж кітапханасында «Не? Қайда? Қашан?» атты әдеби ойын өткізілді.
2022 ж. желтоқсанның 12 жұлдызында колледж кітапханасында «Әдебиеттегі Отанымыздың тарихы» атты оқырман конференциясы өтті.
2022 ж. қарашаның 17 күні көпсалалы №2 кітапханамен бірлесе отырып, қазақтың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсыновқа арналған «Бір ел – бір кітап» акциясы өткізілді. https://semstroy.edu.kz/wp-content/uploads/2022/11/Video-5.mp4
2022 ж. қарашаның 7 күні С-21 тобымен (кураторы – Қалиасқарова Ж.М.) «Бабалар үні» ауызша журнал өткізілді. Журнал үш бөлімнен құралды. 1 бөлім: «Бабалар арманы». 2 бөлім: «Қазақстан Республикасының құндылықтары». 3 бөлім: «Сен білесің бе?» Оқушыларға слайд көрсетіліп, сұрақтар қойылды.
2022 ж. 11 қарашада «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында С-12 тобымен (кураторы – Болатқызы Д.) «Топтың үздік оқырманы» атты конкурс өтті. Конкурс 8 турдан құралған болатын. Әр турда 8 сұрақ. Студенттер сұрақтарға жылдам жауап беріп, соңында үздік оқырман анықталды.
«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында студентермен «Буккроссинг» акциясы жалғасуда. Шараға студенттер белсене қатысуда.
2022 ж. қазанның 21 күні 11 ПГС тобымен (кураторы – Тоқтағазин Ұ.Б.) «Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз» атты әдеби аукцион өтті. Студенттер Абайдың 17-ші қара сөзінен үзінді оқыды. Абайдың өмірі, шығармашылығы жайлы слайдтар көрсетілді.
2022 ж. 18 қазан күні колледж кітапханасында кітапханашылар Э.С. Ахметова және К.Г. Искакова С-11 топ студентерімен (куратор – А.Ғ. Қабылғазин) тұрақты көрме «Буккросингке» байланысты «Өзің оқып болсаң -басқаға бер» атты акция өтті. Акцияның мақсаты оқушыларға кітапханадан қалаған кітаптарын оқып, келесі адамға табыстауына болатыны түсіндірілді. Оқушылар қызығушылықпен қатысты.