Геодезия, картография және құрылыс – тек ер азаматтардың саласы емес!
Бұл – арманы асқақ, жүрегі батыл арулардың да таңдауы. Құрылыс алаңында қазық қағып, карта сызығын түзу – нәзік жанның қолынан келмейді деу – ескі ұғым. Біздің колледжде бойжеткендер тек білім алып қана қоймай, кәсібінің хас шебері атануға талпынып жүр. Олар – болашақтың сәулетшісі, инженері, шынайы маман болуға бір қадам жақын.