«Құрылыс колледжі» КМҚК және ШҚО кәсіптік білім беру орталығы бірлесіп жалпы техникалық пәндер облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес 2021 жылдың 14 мамырында ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындарының студенттері арасында «Сызу» пәнініен облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.

Олимпиада мақсаты: пән бойынша теориялық және практикалық  білім деңгейін анықтау, оқу пәндерін өз бетінше тереңдетіп оқуға қызығушылықтарын дамыту.

Олимпиадаға барлығы 12 студент қатысты. Олимпиада 2 тур бойынша өтті. Нәтижелер қатысушылардың бірінші және екінші турда жинаған ұпай сандары бойынша анықталды. Олимпиада қорытындысы бойынша жеке және командалық есепте жеңімпаздар анықталды.

Жеке есепте:

1 орын – Нұрланұлы Қуат (Көлік колледжі);

2 орын – Аленов Арсен Нұржанұлы (Зайсан технология колледжі);

3 орын – Адилбеков Расул Арманович (Өскемен жоғары политехникалық колледжі).

Командалық есепте:

1 орын – Зайсан технология колледжі;

2 орын – Өскемен жоғары политехникалық колледжі;

3 орын – Геодезия және картография колледжі.