17.10.2022 ж. «Құрылыс колледжі» КМҚК-нда 25 қазан – Республика күні Ұлттық мерекесіне орай «Қыран елім – Қазақстаным» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант жазу шарасы өтті. Диктантты қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушылары Ж.М. Қалиасқарова мен Ж.А. Исаева өткізді. Диктант жазуға колледждің 1-курс студенттерінен барлығы 64 білім алушы қатысты.
Бұл шара қазақстандықтардың белсенді азаматтық және өмірлік ұстанымдарының көрінісі, қазақ құндылықтарын дәріптеу ретінде қарастырылады. Диктант мәтінінде еліміздің табиғатының сұлулығы, келісім мен бірлікте өмір сүретін халықтардың достығы туралы жазылған. Мұндай шаралар елімізді құрметтеуге тәрбиелейді және мемлекетіміздің құндылықтары мен қағидаттары ұлттық бірлікті қалыптастыруға, қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етеді.
Диктант нәтижесі бойынша студенттер грамматикалық және пунктуациялық қателер жібермеді.
11 ПГС тобының студенті Жунусахунов Мерей өз елінің патриоты болу әрбір қазақстандықтың міндеті екеніне сенімді.
– Патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік сияқты құнды және таптырмас қасиеттер бесіктен тәрбиеленеді. Дәл осы қасиеттерді тәрбиелеуде тек отбасында ғана емес, колледжде де үлкен рөл беріледі. Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың патриоттық рухын нығайтады деп санаймын. Өз Отанының патриоты болу, одан да маңызды не болуы мүмкін? – деп пікір білдірді.