2024 жылдың 13 наурызында «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК-ның спорт залында жалпы білім беру пәндері апталығының аясында 1 курс студенттерінің қатысуымен «Болашақ жас сарбаз» атты әскери сайыс өтті.

Әскери сайыстың мақсаты жастардың Қазақстан қарулы күштеріне қызмет етуге дайындық сапасын колледж қабырғасынан бастап арттыру. Отанға, елге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Әскери сайысқа С-12, С-13, М-11 және 11 ПГС топтары қатысты. Әскери байқау 5 кезеңнен тұрды:

  1. Автоматты шашып жинау;
  2. Оқжатарды жабдықтау;
  3. Жеке қорғаныс құралын кию;
  4. Гір көтеру;
  5. Нысанаға көздеп ату.

Топ студенттері сайыс барысында әр кезеңге белсене қатысып отырды.

Әділ-қазылар шешімі бойынша автоматты шашып жинаудан:

І орын – Ныгметоллаев Данияр (М-11)

ІІ орын – Сахон Никита (С-13)

ІІІ орын – Болатбекқызы Толғанай (11 ПГС)

Оқжатар жинаудан:

І орын – Ныгметоллаев Данияр (М-11)

ІІ орын – Мықтыбек Қанат (С-12)

ІІІ орын – Задабекова Алуа (11 ПГС)

Жеке қорғаныс ұүралын киюден:

І орын – Секенов Ерсінжан (С-12)

ІІ орын – Мұратжан Дархан (11 ПГС)

ІІІ орын – Ныгметоллаев Данияр (М-11)

Гір тасын көтеруден:

І орын – Яснов Сергей (С-13)

ІІ орын – Қанат Қанатбек (11 ПГС)

ІІІ орын – Мыктыбек Қанат (С-12)

Нысанаға көздеп атудан:

І орын – Қаирбеков Әмір (С-12)

ІІ орын – Серікқанұлы Ержігіт (11 ПГС)

ІІІ орын – Агеев Данил (С-13) иеленді.

Сонымен қатар сайыс соңында Капжасарова Айым, Акшалова Меруерт, Еркінқызы Тұмарым және Нұрмұқашева Таңшолпан алғашқы көмек көрсетуден шеберлік сабағын көрсетті.