2024 жылдың 14 наурызында «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК-ның конференц залында жалпы білім беру пәндері апталығының аясында 21 ПГС тобымен топ жетекшісі Тоқтағазин Ұлан Бауыржанұлы «Амал келді, жыл келді» тақырыбында колледжішілік ашық тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағатының мақсаты: білім алушыларды қазақ халқының көктемгі мерекелерін, Наурыз мерекесін өткізудің ерекшеліктерімен таныстыру, үлкендер мен кішілерге деген құрмет сезімін оятуға, өз халқының дәстүрлерін ұстануға ықпал ету.
Тәрбие сағаты барысында тақырыптық викторина, топтық жұмыс, ойын элементтері арқылы әрбір білім алушымен жеке жұмыс орындалды, сондай-ақ «Жүректен жүрекке» тренингі өткізілді.
Ашық тәрбие сағаты қойылған мақсаттарына жетті және қатысқан оқытушылар тарапынан жақсы пікірлер алды.