2024 жылы 13 наурызда М-11 тобында жалпы білім беретін пәндер апталығының аясында информатика пәнінің оқытушысы Қабылғазин Арын Ғалымұлы «Мобильді қосымшаны құру» тақырыбында колледжішілік ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ конструкторда ыңғайлы мобильдік қосымшасының интерфейсін құру, кодтың блоктарымен және циклддерімен мобильді қосымшаны жасау, әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын түсіндіру мақсаттарымен өтті. Сабақ барысы жаңа сабақты түсіндіру, практикалық кезең, топтық жұмыс, кері байланыс, рефлексия кезеңдері бойынша өтті. Әр кезең жоспарда белгіленгендей уақыт регламентіне сай өтті және «миға шабуыл», «БББ кестесі» сияқты методикалық әдіс тәсілдер қолданылды. Білім алушылар сабақта белсенді жұмыс істеді. Олар берілген тапсырманы толық орындап, нәтижесінде қарапайым мобильдік қосымшаны құрастырып шықты. Сабақтың тақырыбы толық ашылып, өз мақсатына жетті. Қатысқан әріптестер сабақты жоғарғы деңгейде өтті деп бағалады.