2024 жылдың 15 наурызында «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК-ның конференц залында жалпы білім беру пәндері апталығының аясында оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған «Сабақта қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер» атты семинар-тренинг өткізілді.
Семинар-тренингтің мақсаты оқыту мен оқудағы жаңа әдістерді меңгерту және оларды қабылдауға мүмкіндік жасау. Әріптестердің заман талабына сай жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыру. Әдіс-тәсілдерді насихаттау арқылы оны пайдалануға қызығушылығын арттыру. Топтық жұмыс арқылы өзара ынтымақтастық үлгісін көрсету.
Семинар-тренинг құрылымы:
- Топта жағымды атмосфера құру («Амандасу» көңілді жаттығуы және «Дене мүшелер» биі);
- Шағын дәріс;
- Практикалық тәсілдер («Кәсіби жанған педагог кейпі» сурет салу ойыны);
- Өзін-өзі жетілдіру әдістері (Сергіту сәті. «Өлең жолдарын әртүрлі эмоцияда дауыс ырғағымен айту»);
- Рефлексия;
- Кері байланыс.
Барлық оқытушылар жұмысқа белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады, сұрақтар қойды, ұсынылған жағдайларды дұрыс шешті, қарым-қатынас үшін ашық болды.