2024 жылы сәуір айының 4-і күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК мамандары Бесқарағай ауданы мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Жұмыс барысында Бесқарағай ауданы білім бөлімінің «Жыланды негізгі мектебі» КММ, «Канонерка орта мектебі» КММ, «Қара-мырза негізгі мектебі» КММ, «Борас орта мектеп-бақшасы» КММ, «Қ. Рысқұлбеков атындағы орта мектебі» КММ оқушыларына колледжімізде оқытылатын мамандықтар туралы толық ақпарат беріліп, колледжге оқуға қабылдау ережесі түсіндірілді.