Адалдық дүкенінің басты мақсаты

 

 «Жобаның басты мақсаты — қоғамда сенім

атмосферасын біртіндеп құру және студент

жастарға өзін жақсы, адал адам ретінде

анықтауға мүмкіндік беру»

 

«Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» және «Адал жол – адал ұрпақ бастауы» –  демекші, адам бойында қалыптасқан адалдық ұғымы қашан да адамның бойында адамгершілік пен жауапкершілік қасиеттерін нығайтады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасына сәйкес, «Құрылыс колледжі»КМҚК мекемесінде «Адалдық дүкендері» ашылуда.

«Сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтуда қоғамдық сананы өзгерту маңызды. Бұл бағытта сатушысы жоқ “Адалдық дүкендерінің” ашылуы үлкен жаңалық болды. Дүкенге еш бақылау жасалмайды және тауар алған адам да ақшаны өз еркімен төлеп кетуі тиіс. Осылайша, адамдардың бойында моральдық қасиеттер дамиды, парасаттылық қалыпты өмір салтына айналады», – деп жоспарлауда

«Адалдық дүкендері» өсіп келе жатқан ұрпақ бойында адалдық қасиеттерін нығайта отырып, білім ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізетіні анық. Жобаның мақсаты – қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру және азаматтарды адалдыққа баулу. Осы мақсатта, білім ордамызда «Адалдық дүкені» жұмыс жасауда. Дүкенде қолжетімді бағадағы оқу-құралдары сатылымда тұр. Бұл жерде сатушының болмауына байланысты өзіне-өзі қызмет ету жұмысы ұйымдастырылған. Алынатын тауарды оқушы өзі таңдап алады да, төленетін ақшаны (қорапқа) салып кетеді. Мұндай әрекеттер оқушылардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеуге бағыттайды. Сонымен қатар, өзінен кейінгілерге де, үлкендерге де өнегелі, үлгілі іс болары анық. Бұл жобаны жүзеге асыруда қоғамдағы жемқорлықпен күресуге, жастарды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу мәдениеті көзделіп отыр.

Адалдық кітапханасының басты мақсаты

 

 

Адалдық кітапханасына келген оқырмандар қажетті кітаптар мен журналдарды алып, 3 күн ішінде қайта әкеліп қалдырып кетеді. Кітапты беріп-алып бақылап отырған кітапханашы болмайды.

Адалдық кітапханасы оқырмандар арасында адалдық мен әдептілік құндылықтарын қалыптастырып, қоғамдық сананы өзгертуге бағытталған.

«Адалдық алаңы» жобасы аясында «Құрылыс колледжі» КМҚК мекемесінде «Адалдық кітапханасы» салтанатты түрде ашылды. Колледжде ашылған «ерекше» кітапхана жастарды парасаттылыққа баулып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен жоғары мәдениетті қалыптастыру мақсатында ашықтық, адалдық принципіне негізделген.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы атқаратын жұмыстар тұлғаны парасаттылыққа тәрбиелей отырып жобалар арқылы өскелең ұрпақтың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, оларды адамгершілікке, еңбексүйгіштік пен саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосуға болады.

«Адалдық кітапханада» яғни студент өзі еркімен қажетті құралдарын таңдап, еркін пайдалануына мүмкіндік бар.