2017 жылдың қараша айының 30 күні арнайы пəндер оқытушысы Сымбат Серикбековна Кошкимбаева 31 ПГС тобымен «1 ЖЕЛТОҚСАН – ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ» мерекесі арналған «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты колледжішілік мерекелік іс-шара өткізді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыруы» мақаласы ұлттық идеологиялық бағытымызды қалыптастыра отырып, еліміздің дербес даму үлгісін айғақтайды. Адам рухани дамымай, ел мүддесін де, болашығында ойлай алмайды. Сондықтан колледж оқытушылары жастарды рухани бағытта тәрбиелеу тұрғысына ерекше мән беруде. Оқытушылар қауымы колледж студенттеріне рухани жаңғыру — қазақ өркениетінің жаңа дәуірі екендігін, сондықтан елдің ертеңі баянды болуы үшін мәдениетімізді, ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтау, оны өскелең ұрпаққа насихаттау, санасына сіңіру – баршамыздың ортақ парызымыз екендігін насихаттау мақсатында 31 ПГС тобының студенттері 4 топқа бөлініп, яғни І-ші топ «Қазақстан», ІІ-ші топ «Салт-дәстүр», ІІІ-ші топ «Мәдени құндылықтар және өнер», ІV-ші топ «Ұлттық ойындар мен тағамдар», өз өнерлерін жоғары деңгейде тамаша көрсете білді.
Осы аталған бағдарламалық мақаланы студенттеріміздің арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында колледжімізде əр түрлі ауқымды іс шаралар ұйымдастырылып, өткізілуде.