Республикалық фестиваль «Бірге — жарқыраймыз» аясындағы жалпықалалық сенбілік

Республикалық фестиваль «Бірге — жарқыраймыз» аясында мамыр айының 18 күні Семей қаласында санитарлық тазалықты орнату мақсатында жалпықалалық сенбілік өтті. Ұйымдасқан түрде өткен сенбілікке Семей КМҚК «Құрылыс колледжі» белсене ат салысып, тазарту жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке колледжіміздің басшысы бастаған және барлық қызметкерлер мен студенттері үлес қосып, тиесілі аумақтарды қоқыстардан тазартып, ретке келтірді.