Облыстық әдістемелік бірлестіктің жоспарына сәйкес директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарларының жетекшісі А.С. Нургожанованың бастамасымен «WorldSkills» құралдарын әзірлеу және пайдалану бойынша семинар өтті. Семинарда ТжКБ ұйымдарының «WorldSkills» құралдарын енгізу перспективалары талқыланды. «WorldSkills» өңірлік және республикалық чемпионаттарын ұйымдастыруды және өткізуді жетілдіруге баса назар аударылды. Демонстрациялық емтиханды тиімді ұйымдастыру – әдістемелік дайындау және өткізу бойынша шешім шығарылды.