2024 жылы ақпан айының 28-і күні Абай облысының Еңбек мобильділігі орталығы, Семей қаласының мансап орталығы және «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК ұйымдастыруымен Семей қалалық мәдениет үйінде «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» іс-шарасы өтті. Бос орындар жәрмеңкесінің жұмысына Абай облысы «AMANAT» партиясының өкілдері, қала кәсіпорындары, мекемелері мен колледждерінің қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары, еңбек инспекциялары, мемлекеттік қызмет істері агенттіктері, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ұйымының мүшелері ат салысты. Іс-шара барысында барлық жұмыс беруші кәсіпорындардың консультанттары болашақ түлектерді бос жұмыс орындарымен, мемлекеттік қайтарымсыз грант бағдарламаларымен, әлеуметтік жұмыс орындарымен, атаулы әлеуметтік көмек түрлерімен таныстырды.