2024 жылғы 12 маусымда «Talap» КЕАҚ Абай облысы ББ «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК базасында 2024 жылғы 10-15 қыркүйек аралығында Францияда, Лион қаласында өтетін «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Lyon 2024» халықаралық чемпионатына дайындық үшін жаттығу лагері ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу лагерінде Қазақстан Республикасы құрамасына мүшесі – Құмарбеков Нұралы – біздің колледждің түлегі, сондай-ақ «WorldSkills Abai 2023» өңірлік чемпионатының және «WorldSkills Kazakhstan 2023» республикалық чемпионатының жеңімпазы дайындалуда. Оқу-жаттығу лагері халықаралық сарапшы және Қазақстандағы «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша бас сарапшы болып табылатын колледжіміздің аға шебері Аскар Набиевич Мекишевтің басшылығымен өтуде.

Жаттығу барысында WorldSkills халықаралық стандартының әртүрлі модульдері, кірпіш қалау және кесу, орта және күрделі деңгейдегі кірпіш қалау әдістері орындалады.

Чемпионатта сәттілік пен жеңіс тілейміз!