2024 жылы қазан айының 4-і күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК «Ұстаз болу – жүректің батырлығы, ұстаз болу – сезімнің ақындығы» атты «Ұстаздар күні» мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шара колледжіміздің директоры Тулеуов Қаныш Мақсұтұлының құттықтау сөзімен басталды. Колледж оқытушылары грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталып, гүл шоқтары табысталды. Концерттік номер колледжіміздің әнші студентінің «Ұстазым» әнімен ашылды. Колледжіміздің 1-курс студенттерінен құралған «Кербез» би тобы «Қазақ» биін билеп, әнші студенттеріміз ән шырқап көрермендердің ризашылығына ие болды.