Абай облысы білім басқармасы «Облыстык инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2024 жылғы іс-шаралар жоспарына сейкес 6 желтоқсан күні «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Фестивальдің мақсаты – педагогтердің, шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, облыс оқу орындарының басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.

Облыс бойынша 100-ден аса педагогтер бақ сынаған фестивальге «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» бағытына директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Нургожанова Арай Серыкжановна қатысып, әділқазылар алқасынын хаттамалық шешімі бойынша жүлделі 3 орынды иеленді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!