2024 жылғы 19 желтоқсанда арнайы пәндер оқытушысы А.К. Ердешева «Ғарыштық түсіру материалдарын картографияда қолдану» тақырыбында «Геодезия және картография» мамандығы бойынша білім алатын 3 курс 304 ТК тобымен облыстық ашық оқу сабағын өткізді. Сабақ барысында білім алушылар геоақпараттық әдістер мен жүйелердің ерекшеліктерін талдады, картография саласында ғарыштық түсіру материалдарын қолдану маңызына баға берді.
А.К. Ердешева білім алушыларды белсенді түрде қызықтыру үшін түрлі педагогикалық әдістерді ұтымды қолданды: жасанды интеллект құралдарын, Qazmath, Flippity платформаларын, Google формасын, QGIS, Google Earth бағдарламаларын.
Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Өскелең ұрпағымыздың қадір-қасиет, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу мақсатында сабақ барысында білім алушылар сәйкестендірілген мәліметтерге әртүрлі ресурстарды пайдалана отырып, Қазақстанның картография ғылымның дамуына қосқан үлесіне тұжырымдама жасады.
Студенттердің белсенділігі,кері байланыс орнатуы,өз білімдерін бағалауы облыстық ашық оқу сабағының әдістемелік мақсатына жеткендігінің көрінісі болды.