Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі үшін ерекше күн, толқынысқа толы сәт. Биыл 150-ге жуық түлек Абай өңіріндегі көшбасшы оқу орнын аяқтап, үлкен өмірге қадам басты.
Мерекелік іс-шараға колледж әкімшілігі, бітіруші түлектер, оқытушылар мен ата-аналар қатысты. Іс-шара барысында колледж директоры Тулеуов К.М. түлектерге құттықтау сөз сөйлеп, дипломдар табыстады. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Исабекова А.Ж. түлектерге ақ жол тілеп, колледж өміріне белсене араласқан ата-аналар мен студенттерге алғыс хаттар ұсынды.
Сондай-ақ, құттықтау сөз айту үшін сахна төріне топ жетекшілері мен ата-аналар шақырылып, түлектер тарапынан алғыс сөздер айтылды. Колледж тарихында ерекше орын алатын «Құрметті түлек» сертификаты да осы іс-шара барысында табысталды.
Жаңа қадаммен жарқын болашаққа, жас маман!