Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің 203 ТА тобы студенттері Астана қаласында «ПРОГРЕСС KZ» ЖСШ өндірістік тәжірибеден өтуде.
Өндірістік тәжірибеден өту барысында студенттеріміз Астана қаласы бойынша жол құрылысы жобаларын жүзеге асыру барысындағы геодезиялық жұмыстар кешенін орындауда. GPS қабылдағыштар, сандық нивелирлер мен электрондық тахеометрлер сияқты заманауи аспаптарды қолдану арқылы өз мамандықтарын тереңдете меңгеріп, тәжірибе жинақтауда.
Колледж қабырғасында алған білімдерін өндірістік тәжірибеде шыңдау арқылы, студенттеріміз еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандар қатарына қосыла алады.