2025 жылы 16 мамыр күні Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінде эксперименттік білім беру бағдарламасы бойынша білім алған студенттерге «Жас маман – 2025» дипломдарын табыстау рәсімі өтті.
2025 – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында барлығы 54 түлек жұмысшы біліктілігінің иесі атанды.
Эксперименттік білім беру бағдарламасы негізінде:
• «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша (ЭС-22 тобы) – 16 түлек,
• «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша (ЭАС-21, ЭАС-22 топтары) – 38 түлек үлкен өмірге жолдама алды!
Олар – жаңа буын шеберлері, техникалық саладағы сенімді серпін, ертеңгі еңбек ерлері! Әрқайсысы – кәсіптік білім мен біліктіліктің жарқын үлгісі. Бүгін олар – колледж мақтанышы, ертең – ел болашағы! Қанаттарың талмасын, жалынды жастар! Алға, жас мамандар – еңбек майданында самғаңдар!