«Геодезия және картография» мамандығы бойынша білім алып жатқан 204 ТК тобының студенттері өндірістік тәжірибеден өтуде. Тәжірибе барысында студенттер заманауи геодезиялық құралдармен жұмыс істеп, жергілікті жерді түсіру, картографиялық материалдар дайындау, топографиялық-геодезиялық өлшеулер жүргізу сынды жұмыстарды орындайды. Сонымен қатар, олар мекеменің құрылымымен танысып, кәсіби мамандардың жетекшілігімен нақты жобаларға қатысуда. Бұл өндірістік тәжірибе студенттердің болашақ маман ретінде қалыптасуына үлкен мүмкіндік береді. Олар алған білімдерін тәжірибеде қолдану арқылы еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.