2025 жылы маусым айының 30-ы күні Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінде 2024-2025 оқу жылының қорытынды педагогикалық кеңесі өтті.
Колледж директоры Қаныш Мақсұтұлының бастамасымен ұйымдастырылған кеңес колледж ауласында жылы шырайлы, еркін атмосферада өтті. Мақсат – ұжым ішінде психологиялық жайлылық пен сенімді қарым-қатынас орнату.
Кеңес барысында оқытушылар сергітетін ойындар ойнап, мотивациялық би билеп, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.
Арнайы шақыртылған Өңірлік психологиялық қолдау орталығының психологтері педагогтердің психоэмоциялық жағдайын зерделеп, арт-терапия, би, ән айту сынды тиімді әдістер арқылы ішкі дүниелерін ашуға көмектесті.
Педагогтер топ-топқа бөлініп, мамандармен ашық әрі шынайы сұхбат құрып, түрлі тренингтерге қатысты. Жүректерге жылу сыйлаған бұл шара – бірлік пен кәсіби жанашырлықтың айқын көрінісі болды.
Мұндай форматтағы кеңес – жай есеп беру емес, рухани демалу мен шабыт алу алаңы екенін көрсетті.