2018 жылдың 12 сəуір күні Құрылыс колледжінде «Ашық есік күні» өтті. Кəсіптік бағдар беру жұмысының жылдық жоспарына сай ұйымдастырылған іс-шараның басты мақсаты адам өміріндегі маңызды сатылардың бірі болашақ мамандықтарын таңдауда бағыт-бағдар беру, құрылыс мамандықтарына оқушыларды баулу. Жоспарланған іс-шараға қаламыздың 30дан аса мектептері шақырылды. Ол мектептердің қатарында №11, 33, 35, 16, 22, 26, 48, 13 жəне т.б. мектептер бар. Ашық есік күніне жиналған оқушылардың саны 154.

Іс-шара 3 кезеңде өтті. Оқу шеберханасында сол уақытта өткізіліп жатқан колледжішілік сайысты, қатысып жатқан  студенттердің жұмыстарын көрсетіп, экскурсия жүргізілуден басталған шара, акт залында колледж директоры Қайрат Кулбаевич Тастекеевтің құттықтау сөзімен басталып, білімді əрі білікті оқытушылпрдың жүргізген ойын-тренингпен жалғасын тапты. Тренинг барысында қатысушылар ақыл, дарын, белсенділік, ойшыл, досшыл қасиеттерін таныта білді.

Тренингке қатысқан барлық топтар номинациялар бойынша мақтау қағаздарымен марапатталды. Тренингтен кейін оқушылар назарына колледжіміздің белсенді студенттеріміздің дайындаған концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Іс-шара соңында мектеп мұғалімдері мен оқушылары алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Мектеп оқушыларының белсенділігі, қызығушылығы, сұрақтар қоюы «Ашық есік күнінің» толықтай мақсатына жеткендігінің белгісі.