Колледжде 2017 жылдың 2 қыркүйек күні «Білім күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. «Білім күні» еліміздің барлық білім мекемелері үшін ең маңызды күн болып табылады.

Биылғы 2017-2018 оқу жылында біздің КМҚК «Құрылыс колледжі» білімге құштар жас өрендер І курс білім алушылары үшін есігін айқара ашып, салтанатты жиын өткізді.

Мерекелік салтанатты жиынға арнайы еңбегі сіңген ардагер ұстаздар, әлеуметтік серіктестік өкілдері мен ата-аналар құрметті қонақтары ретінде шақырылды. Білім күні Қазақстан Республикасының әнұранын орындаудан, жүргізушілердің, колледж директорының жаңа оқу жылымен құттықтауынан басталды. Жиынның арнайы қонақтары колледждің ұлағатты ұстаздарын, білім алушылар мен ата-аналарды білім күнімен құттықтап, сәттілік тіледі. Білім күні мерекесіне орай колледж ұстаздары білім беру саласы бойынша көптеген марапатқа ие болды. Салтанатты жиында құттықтаудан бөлек колледжіміздің жоғарғы курс студенттерінің орындауында қазақ биі мен әсем әні қонақтар мен білім алушылардың мерекелік көңіл күйін көтерді. Ізгі тілектер мен әсем ән-күйге толы жиын колледждің акт залында «Мен өз Отанымның патриотымын!» атты Білім сабағымен жалғасын тапты. Білім күні мерекесі – колледж табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған студенттер үшін көптен күткен мереке. Бұл 1-курс студенттері үшін жаңа өмірге аяқ басқан күн. Сондықтан бұл күн маңызды, есте қалатын және көңіл толғандыратын күн.

Құрметті І-курс студенттері! Сіздерді Құрылыс колледжінің студенттері аталуларыңызбен шын көңілмен құттықтаймыз. Бұл колледж Сіздер үшін жылы ұя болатынына біз сенеміз. Сіздерді таңдаған мамандықтарыңызды игеруде жігерлілік, табандылық және сүйіспеншілік, оқуда және қоғамдық жұмыста табыс тілейміз. Құрылыс колледжіндегі оқу сіздер үшін абыройлы болашққа бастар жол болсын!

Құрметті оқытушылар! Жаңа оқу жылында жаңа ғылыми жетістіктер, шығармашылық жеңіс, денсаулық, бақыт тілейміз.