2018 жылдың ақпан айының 24 күні құрылыс колледжінің 31ПГС, 31ПО топ студенттері (жатақхана студенттері) топ жетекшісі Кошкимбаева Сымбат Серікбекқызымен бірге шаңғы базасына серуенге барды. Серуенге шыққандағы мақсаты: қысқы табиғат көрінісімен танысып, демалыс уақытын қызықты өткізіп, салауатты өмір салтын сақтау. Шаңғы базасында шаңғы теуіп қана қоймай, қызықты ойындар да ойнап, естелік суреттерге түсті.