2017 жылдың 22 қыркүйек күні КМҚК «Құрылыс колледжі» қызметкерлерінің діни-құқықтық біліктілігін арттыру жəне колледж студенттерінің діни сауаттылығын арттыру мақсатында Діни жағдайларды талдау, зерттеу жəне мониторингтеу бөлімінің меңгерушісі Гайко Ольга Александровна, Ақмола облысы дін істері басқармасының жанындағы «Конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығы» КММ директоры Сатыбалдина Гульнур Кабибуллаевна, Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі секторының бас маманы Рымқанов Арман Серікқанұлы жəне Дін мəселелері бойынша ақпараттық-насихаттау тобының мүшесі Айдын Қайырбекұлы мамандарының қатысуымен семинар ұйымдастырылды.

Дәріс мазмұнды видеослайдтар мен фильмдерді көрсету арқылы жасалды.

Семинарға қатысушылар баяндаманың пайдалылығы мен жан-жақтылығын, баяндамашының кәсіби шеберлігін атап өтті. Семинарға қатысушылар баяндаманың пайдалылығы мен жан-жақтылығын, баяндамашының кәсіби шеберлігін атап өтті.