28 маусым күні ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау орталығы, Шығыс Қазақстан Лингвистикалық орталығы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы ШҚО бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты бірлесіп ұйымдастырған «ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ — УАҚЫТ ТАЛАБЫ» облыстық семинар-тренинг болды. Аталмыш шараға Семей құрылыс колледжінің тарих пәні оқытушысы Болатқызы Дина қатысты. Облыстық семинар-тренингке қатысушы Д.Болатқызына тәжірибелік жұмыстары үшін шара соңында СЕРТИФИКАТ табысталды.