2018 жылдың 21 ақпанында топ жетекшісі Дина Болатқызы С-22 тобында «Менің құқығым — заман талабы» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушылардың өз құқығын білу, құқықтық мәдениетін жетілдіре отырып, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы білімдерін шыңдау, құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақыру. Тәрбие сағаты бірнеше бөлімдерді қамтыды: 1. Ширату кезеңі «Менің құқығым» 2. Менің міндеттерім. 3. «Білгенге маржан» жағдаяттық сұрақтар. 4. Сергіту шағын «Адасқан əріптерді орналастыр». 5. «Ой жалғау» ойыны. «Үзілген үміт» атты деректі фильм ұтымды көрсетіліп, оқушыларға ой сала білді. Топ жетекшісі Дина Болатқызына жəне С-22 топ оқушыларына алғыс білдіреміз!??