Семей Құрылыс колледжінде ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі  оқу орындарының студенттер арасындағы «Қазақша-күрес жарысы» өткізілді. Студенттер арасындағы өткен облыстық Қазақ күресінің салтанатты ашылуына ел мақтанышы, Қазақ күресінен төрт дүркін әлем чемпионы, қазақ күресінен Азия чемпионы, қазақ күресінен әлем кубыгінің иегері, қазақ күресі чемпионаттарының жеңімпазы «Қазакстан Барысы», Әлем барысы, Евразия барысы, Құрмет медалінің иегері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері Айбек Нұғымаров және Қазақстан барысы, Әлем Азия чемпионы  Қазақ күресінің халқаралық дәрежедегі спорт шебері Тұрсынов Мұхит және Қазақ күресінің әлем чемпионы Искаков Қуаныш өздерінің жылы лебіздері мен балуандарға сәттіліктерін тіледі. Жарысқа 50 балуан қатысты. Жеңімпаздарды ШҚО ТжКББ және КД орталығы КММ әдіскері Мухаметгалиева Гульмира Жумашевна және дене тәрбиесінің пәндерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы Нечаева Татьяна Юрьевна мадақтама мен ескерткіш медальдарын марапаттады.