23 ақпан 2018 жылы Семей құрылыс колледжінде арнайы пәндер мұғалімдері Аймұқамбетов Медет Кинаятұлы мен Койшыбаев Ерлан Айткалиұлы 31 ПГС тобымен «Үйлер мен ғимараттардың құрылымдары» пәні бойынша «Жабын түрлері мен шатыр құрылымы» атты тақырыпта облыстық онлайн желісінде ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты студенттерге, болашақ мамандарға жабын материалдарының түрлері мен оларды қолдану технологиясын түсіндіру болды. Сабақ барысында ғимараттардың шатыр құрылымының схемасы жан-жақты талқыланып студенттерге баяндалды және де кірпіш қалауы жүйсінің әдістері үйретіліп, тақтада көрсетілді.
Арнайы пәндер мұғалімдерінің басты көніл аударған мәселесі, ол болашақ дипломдық жобаны орындайтын студенттерге өз жоба жұмыстарын орындауына көмек көрсету болып табылады.
Сабақ өту кезінінде «Іргетас-Астана» ЖШС бас маманы Хаймулин Рыстай Жүрсінұлы онлайн желісінде байланысқа шығып, студенттерге құрылысқа байланысты сұрақтар қойды. Осылардың барлығы студенттердің арасында білімге алуға, құрылысты үйренуге деген құштарлықтарын тудыруға үлкен себебтерін тигізді.
Сабақ сонында онлайн желісінде сабақты көріп-бақылаған «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының» мамандары мен басқада облысымыздағы білім беретін колледж ұстаздары өз ойларын ортаға салып, пікір бөлісті.