2018 жылдың қаңтар айының 25 күні «Құрылыс колледжі» КМҚК 2017-2018 оқу жылының І жартыжылдық қорытындысы бойынша педагогикалық кеңес өтті.
Бөлім меңгерушілері Н.С. Окасов пен Л. В. Пронина 2017-2018 оқу жылының І жартыжылдық қорытындысы бойынша оқу үлгерімі мен білім сапасы, сабаққа қатысу туралы терең сараптама жасады. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Галымова Р.М. оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселесіне тоқталып, осы мәселе бойынша өткізілген іс-шаралар жайлы, І жартыжылдықтағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары бойынша сараптама жасады. Пəн бірлестіктерінде жүргізілетін оқу-тəрбие, əдістемелік жұмыстары туралы пəн бірлестігінің жетекшілері Оразымбетова Р.Д., Хуанар А., Афанасьева С.В., Ташкенбаева Л.О. есеп берді. Колледж әдіскері М.М. Аукишева колледждің оқу-əдістемелік жұмысы бойынша есеп берді. Пронина Л. В. колледжде жүргізіліп жатқан кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы есеп берді.
Педагогикалық кеңестің соңында колледж директоры Тастекеев Кайрат Кулбаевич педагогикалық кеңестің жұмысын қорытындылап, ШҚО білім басқармасы басшысы Н. А. Абжапаровтың атынан колледжіміздің өндірістік оқыту шеберлері С. В. Афанасьева мен А.Н. Мекишевке жəне директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.М. Галымоваға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтың «Құрмет грамоталарын» табыстады.