Әр адамның алға қойған мақсаты бар, сол мақсатқа жету жолында көптеген амалдар қолданып, жоспар құрамыз. Мен, Құмарбеков Нұралы Ренатұлы Семей қаласының «Құрылыс колледж» КМҚК 21 ПГС тобының «Ғимараттар мен құрылыстар салу және пайдалану» мамандығының студентімін. Аталған колледжді таңдаған себебім техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарның үздіктерінің бірі. Әр қабілетімді жетік меңгеріп, бағыт бағдар беріп отыратын ұстаздардың еңбегі көп.

Оқу ордамыз жылдан-жылға дамып, өркендеу үстінде. Колледжде Республика деңгейіндегі «Жас маман» жобасы іске асырылуда. Жоба барысында колледж базасы жаңа жабдықтармен толығып, заманға сай білікті маман дайындау мақсатын қолға алды. 2022 жылы «WorldSkills Shygys 2022» аймақтық чемпионатына қатысып, «Құрғақ құрылыс және сылақ» құзыреттілігі бойынша жүлделі І орынға ие болдым.

Бұл жеңіске жету жолымда «Жас маман» жобасы аясында құрылған WorldSkills жаттығу орталығы өз үлесін қосты. Ендігі алдыма қойған мақсатым мамандығым бойынша Республика деңгейінде жүлделі орынға ие болу және болашақта өзімнің мамандығым бойынша елімізде құрылыс саласының дамуына үлесімді қосу.

Елімізде жастарға көптеген жағдайдайлар жасалуда. Бұл біз үшін, мақсатқа жету жолында, білікті маман болып қалыптасуда үлкен мүмкіндіктер ашады!

 

Құмарбеков Нұралы Ренатұлы,

«Құрылыс колледж» КМҚК 21 ПГС тобының «Ғимараттар мен құрылыстар салу және пайдалану» мамандығының студенті.