2024 жылы наурыз айының 12-і күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК оқытушылары мен шеберлері Семей қаласының «№48 ЖОББМ» КММ-нің 9 «А» сынып оқушыларына дәнекерлеу және әрлеу жұмысы бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.
Оқушылар шеберлік сабағы барысында әрлеу жұмыстарында қолданылатын құралдармен, сәндеу әдістерімен танысып, дәнекерлеу жұмысы бойынша тұрмыста жиі қолданылатын «Қалақша» құралын қолдан жасады.
Колледжде оқытылатын мамандықтар туралы оқушыларға толық ақпарат айтылып, бейне-баяндар көрсетілді.