2024 жылы наурыз айының 14-і күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК-да зорлық-зомбылық, кибербуллинг пен агрессияның алдын алу, жеке адамның құқықтарын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Каждый важен» іс-шарасы өтті.
Құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жұмыс жасауды, білім алушылардың мінез-құлқының жақсаруына ықпал етуді, агрессивтілікті төмендету мен қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдауда бағыт-бағдар беруді міндет еткен бүгінгі іс-шараға Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Касымова Карлыгаш Ахтановна мен судья Самаева Татьяна Анатольевна қатысты. Олар студенттерді буллингтің түрлері және оның алдын алу жолдарымен, зорлық-зомбылық үшін қолданылатын жаза түрлерімен таныстырды. Студенттердің тарапынан қойылған сұрақтарға дәл жауап қайтарып, толық ақпарат берді.
Іс-шара қонақтарына бірлескен жұмыстағы достық қарым-қатынасы үшін, аса құнды ақпараттармен бөліскені үшін колледж директоры атынан алғыс хаттар табысталды.
Іс-шара соңында қатысушылар «Көрісу күні» мерекесіне орай бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, ізгі тілектерін айтты.