Семейдегі «Тиса» демалыс орнында мемлекеттік қызметкерлер арасында қысқы спорт түрлерінен жарыс өткізілді. Жыл сайынғы дәстүрге орай өткізіліп отыратын президенттік сынаққа бұл жолы қала әкімшілігімен қатар бірнеше әскери бөлімшелер және қаламыздағы колледж оқытушылары қатысты.

500-ге жуық мемлекеттік қызметкер- лер қатысқан жарыста ер адамдардың 3 шақырым қашықтықты жүріп өтуі керек болса, әйел адамдар 1,5 шақырым қашықтықты бағындыруы керек.

— Бүгін бізде Президенттік сынақты тапсыру үшін келіп отырған мемлекеттік қызметкерлер саны өте көп. Қысқы спорт түрлерінен жарыс жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Биылғы жылы жарысқа қатысушылар қала әкімшілігінің қызметкерлері мен кол­ледж оқытушыларынан құралған және әскери бөлімшелерден де бар. Мұндай жарыс тек қыста ғана емес, жазда да өткізіледі. Яғни, қыста шаңғы тепсек, жазда суға жүзу, мыптық ату, белтемірге тартылу, қашықтыққа жүгіру сынды бірнеше спорт турінен өткізіледі,- дейді Се­мей қалалық Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев.

Бір мекемеден 50 адамнан құралған топты алып келген Семей құрылыс колледжінің директоры Қайрат Тастекеев Президенттік сынақты тапсыру үшін арнайы дайындалып келгендерін жеткізіп, өз командасыньң жеңіске жететініне сенім біддіреді.

 

Г. ЗАМАНБЕКҚЫЗЫ