Ұстаздарымызды ұлықтайтын Ұлы күні – Ұстаздар күні мерекесі КМҚК «Құрылыс колледжінде» 06 қазан күні аталып өтті. Бұл күні колледж іші мерекелік көңіл-күйге толы болды. Таңғы 7.30-дан колледждің табалдырығын студенттер алақанының ыстық ықыласымен аттаған оқытушыларымызды қарсы алды. «Қарты бар елдің қазынасы бар»деп түйеді қазақ. Қарттар күні мен ұстаздар мерекесін қатар тойлауды дәстүрге айналдырғын білім ордамызға колледжде талай жылдар еңбек етіп,бала тәрбиесіне жанын салған бір топ ардагер ұстаздар арнайы келді. Ақ тілегін арқалап келген ардагерлеріміз кейінгі буынға ыстық лебіздерін білдіріп, ақ батасын берді. Колледж директоры Самат Нұроллаұлы барша ұстаздары мерекемен құттықтап, аянбай еңбек етіп, колледж беделін биіктен көрсетіп жүрген ұстаздарды «Мадақтама» және «Алғыс хатпен» марапаттады.

Ұстаздарымыз бен ардагерлеріміздің назарына колледждің көркемдік жетекшісі Нұргүл Елеусізовна мен студенттердің арнайы әзірлеген мерекелік концерті ұсынылды. Әсем ән,тамаша бидің барлығы көпшіліктің көңілінен шықты.Бұл ауқымды іс-шараны өткізуге жауапты болған құрылыс-жолдар бірлестігінің ұстаздары мен директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.М.Ғалымованың ұйымдастырылуымен жоғары деңгейде өткізілді. «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру,жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде еңбегі зор.

Жүрген жеріне білімнің нәрін шашатын, әр шәкірттің жүрегінен орын алып,ең жакын адамына айнала білетін Ұстаздарды ұлықтайтын осындай мерейлі мерекеде Сіздерге: «Білім жолында еткен еңбектеріңіз» еленіп, төккен терлеріңіз ақталсын. Шәкірттеріңіздің ықыласына бөленіңіздер,» -деп тілейміз. Себебі шәкірт құрметі-мұғалім бақыты. «Мемлекеттің іргетасын білімді ұрпақ нығайтады»-десек, білімді ұрпақ тәрбиелеп шығару- Сіздердің қолдарыңызда. Ендеше жыл өткен сайын биік талаптармен толыққан білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Кәсіби мерекеде сіздерге мықты денсаулық, отбасылық береке,білім беру жолында шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілейміз.