Семей қаласы геологиялық барлау колледжінде сәуір айының 27 жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының студенттері арасында «Сызу» пәнінен облыстық олимпиада өткізілді. Олимпиадаға қатысқан алты команданың ішінде «Құрылыс колледжі» КМҚК студенттері жүлделі II-ші орын иеленді.

Команда мүшелері:

Әскербеков Куаныш — 22 ПГС топ студенті

Мақажанов Алихан — 21 ПГС топ студенті

Серік Ғасыр — 21 ПГС топ студенті

Жекелей біріншілікте 22 ПГС топ студенті Әскербеков Куаныш жүлделі II-ші орын иеленді. Оқушылар арнайы марапаттауларға ие болды.

Жетекшісі сызу пәнінің оқытушы: Оқасов Н.С.