2018 жылдың сәуір айының 24-27 аралығында Кемерово қаласының Кузбас мемлекеттік техникалық университетінің профессоры В.А. Шаламановпен студенттері колледжімізге тәжірибе алмасуға келді. Колледж оқытушыларымен арнайы пәндерден сыныптан тыс сабақтар, интеллектуалдық сайыстар өткізілді. Колледжіміздің оқу шеберханасындағы әр түрлі шеберлік жұмыстарының куәсі болды. Колледждің оқу базасына, оқу шеберханасына қызығушылық танытты. Өз ризашылықтарын білдіріп, колледж әкімшілігіне алғыстарын айтты. Қазақтың қонақ жайлылығына, дархандығына бас иіп, колледж ұжымын өз оқу орындарына іс-тәжірибе алмасуға шақырды.