21 қыркүйек күні КМҚК «Құрылыс колледжінде» «Қазақстан халықтаарының тілдер күні» мерекесіне арналған «Тіл – халықтың асыл қазынасы» атты салтанатты іс- шара өткізілді. Бұл салтанатты іс- шара білім ордамыздың белсенді 1-курс студенттері мен қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәнінің ұстаздарының ұйымдастырылуымен өткізілді.

Оқытушыларымыз үш тұғырлы тіл саясатын насихаттап,студенттеріміз қазақ, орыс ағылшын тілдерінде өлең, тақпақтар айтылып, би билеп, ән шырқап мерекенің ажарын аша түсті. Аталған іс-шараның өткізілуі мақсаты-мемлекеттік тілді насихаттау, патриоттық сезімді ояту, сондай-ақ ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу болып табылады.

Түйіндей келе, бұл шара осы мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табады деген ойдамыз. Бүгінгі ұрпақ ана тілінде жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі- сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтырып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүректе соғуын тоқтатпай ма?»- деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік ағайын!