Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ШҚО Білім басқармасы облыстық жетекші кәсіп орындарымен  бірлесе отырып WorldSkills Shygys аймақтық чемпионат өткізді.Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Оған 18 ден 22 жас аралығындағы жұмысшы жастар мен студенттер қатысты. 3 сәуір күні Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрында аймақтық чемпионатты ШҚО әкімінің орынбасары Асем Бековна Нүсіпова салтанатты түрде  ашып, жалғасын «Семей машина жасау» зауытында өткізілді. Шығыс Қазақстан облыстық техникалық және кәсіптік білім беру және мамандарды даярлау  оқу орындарының арасында өткізіліп жатқан WorldSkills бұл әлемдік қозғалыс екенін бәріміз білеміз . Ертерекке көз жүгіртіп қарасақ WORLD SKILLS —  бұл әлемнің 76 елдерінде тараған халықаралық қозғалыс. Оның мақсаты – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылады. WorldSkills кәсіптік білімнің дамуына оң әсерін тигізеді.

Биылғы өңірлік Чемпионатына біз «Кірпіш қалау» , «Құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары «Әрлеу жұмыстары», «Ағаш шеберлігі» құзіреттіліктері бойынша қатысушыларды дайындап, ал «Плитамен қаптау», «Бетон жұмыстарының технологиясы», «Шатыр жабынды жұмыстары» және «Инженерлік жүйелермен жабдықтау және жылыту » мамандықтары бойынша жұмыс көрмесін даярладық.

Жалпы  мақсатымыз, бүгінде инженерлік, техникалық және жұмысшы мамандықтар индустриалдық экономиканың негізі екенін шәкірттеріміздің санасына сіңіру. Сондықтан да осы байқау арқылы Колледжіміздің білгір де білімді жас мамандар бар екенін көрсеткіміз келеді.