2017 жылдың 14 қыркүйек күні  жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында КМҚК «Құрылыс колледжі» студенттері арасында «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Əуезов полиция бөлімі жергілікті полиция қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Семей қаласының қылмыстық ахуалы таныстырылып, ҚР Қылмыстық Кодексінің баптары бойынша қылмыстық жауапкершілік туралы айтылды.

Семей қалалық Əуезов полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны Еркебулан Абдыкешов колледжге келген 1-курс студенттеріне құқық бұзушылыққа қандай іс-әрекеттер жататынын, соған сәйкес баптар бойынша қолданылатын жаза түрлерін, айыппұл мөлшері туралы кең түсінік беріп өтті.

Жиналыс барысында арнайы құқық бұзушылықтың алдын-алуға арналған баяндама оқылып, балалардың суық қару ұстамау керектігі баса айтылды. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 442, 434,441, 440, 127, 133, 132, 435 баптары түсіндіріліп, үй-жайдан тыс жерде түнгі мезгілде жасы кәмелетке толмаған студенттердің заңды өкілсіз жүруге болмайтыны да қатаң ескертілді.

Семей қалалық Əуезов полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны Жанарбек Мандиев жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу арқылы –олардың қылмысқа ұрынбауына,  өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына  келеңсіз жағдайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына қол жеткізуге болатынын айтып өтті.

Кездесу барысында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды.