2017 жылдың 15 қаңтар күні «Құрылыс колледжі» КМҚК конференц залында еңбек ұжымының қатысуымен ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының негізгі міндеттерін жан-жақты талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Колледж басшысы К.К.Тастекеев мырза кіріспе сөзінде Жолдаудың басты, негізге алынатын аспектілері туралы атап өтіп, ұжымның назарын Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табуды айқындайтын міндеттерді шешуге аударды. Кездесу барысын əлеуметтік-гуманитарлық пəн бірлестігінің оқытушылары, ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері Елбасы Жолдауындағы негізгі 10 міндеттерге қатысты сөз қозғап, ойларымен бөлісті.
Бұл жолы мемлекет басшысы Үкіметке басты 10 міндет бойынша жұмыс істеуді тапсырды. Соның бірі — құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу. Осы жүргізіліп жатқан бағдарламалардың арқасында Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі жылына 10 миллион шаршы метрден асты.
Сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында ғимараттардың сапасына, экологиялық қауіпсіздігіне және энергия тиімділігіне қойылатын талаптарды күшейту қажеттілігін атап өтті.
Бүгінгі таңда барша әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, яғни технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып отыр.
Елбасының бүгінгі Жолдауы елдің бірлігін, елдің болашағын, қазақ елінің Мәңгілік болуына жол көрсететін ұлы мақсат болмақ.
Сөйтіп, құрылыс колледжінің ұжымы Елбасының тың бастамалар көтеріп, барша қазақстандықтар алдына үлкен міндеттер қойып отырған бұл Жолдауын бірауыздан қолдайтындарын білдірді.
Еліміздің әлеуетін әлемге паш ететін осынау ұлы істерге «Құрылыс колледжі» КМҚК ұжымы да өздерінің сүбелі үлестерін қосатынына деген сеніміміз мол.
Осынау ұлы жолдағы істеріміз сәтті, болашағымыз кемел де жарқын бола берсін!